Қоғам

Кембағыл жандар сайысқа түсті

Кембағыл жандар сайысқа түсті

Зайсандағы орталық стадионда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен аудандық ХV-ші мүгедектер спартакиадасы болып өтті.
Стадионда спартакиаданың салтанатты шеруі өтіп, ашылу рәсіміне аудан әкімі Алмас Оңдақанов қатысып, спортшыларды құттықтады. Спартакиадада кембағыл жандар спорттың бес түрінен, атап айтқанда, волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы, арбамен жүгіруден және пауэрлифтингтен өнер көрсетті. Спартакиада қорытындысы бойынша дойбыдан қыздар арасында бірінші орынды Біржан ауылдық округінен Ш.Нұрмуханбетова, екінші орынды Сарытерек ауылдық округінен Г.Карменова, үшінші орынды Дайыр ауыл округінен М.Орынбасарова жеңіп алса, ұлдар арасында бірінші орынды Шілікті ауылдық округінен Ахметхан Халелов, екінші орынды Кеңсай ауылдық округінен Шағыраев, үшінші орынды Сарытерек ауылдық округінен Марат Тлеуов еншіледі.
Тоғызқұмалақтан ұлдар арасында Дәулет Молдаханов бірінші, Ельдар Ыдырышев екінші, Серік Тастағанов үшінші орынды иеленді.. Қыздар арасында жүлделі бірінші орынға Айгерім Қайырбекова, екінші орынға Айгерім Жүрекбаева, үшінші орынға Нұргүл Тұрсынханова табан тіреді.
Волейболдан бірінші орынға Кеңсай ауылдық округі, екінші орынды Шілікті ауылдық округі, үшінші орынды Біржан ауылдық округі ие болды. Арбамен жүгіру жарысында жүлделі бірінші орынды Беймырза Тарин, екінші орынды Есбол Бекен, үшінші орынды Өмірбек Мажит жеңіп алды.
Пауэрлифтинг- штанганы шалқадан жатып көтеруден Зайсан қаласынан бірінші орынды С.Қорқытбаев алса, екінші орынды Қарабұлақ ауылдық округінен К.Ыдырышев, үшінші орынды Шілікті ауылдық округінен А.Садуақасов табан тіреді.
Жалпы командалық есеп бойынша жүлделі бірінші орынға 105 ұпай жинап Кеңсай ауылдық округі, екінші орынға 93 ұпаймен Зайсан қаласы, үшінші орынға 80 ұпаймен Шілікті ауылдық округінің командалары ие болды. Жеңімпаздар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің грамоталармен, мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамы есебінен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Оңдасын Елубай
Зайсан.

Осы айдарда

Back to top button