Мәдениет

Келісті келіндерге жұрт сүйсінді

Наурыз мерекесі қарсаңында Үржарда «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» атты сайыс болып, оған Көктерек, Қарабұлақ, Алтыншоқы, Ақжар, Келдімұрат, Бақты, Мақаншы сияқты ауылдардың келісті келіндері қатысты.

Келісті келіндерге жұрт сүйсіндіСайыс шарты бойынша олар нәрестені бесікке бөлеп, бесік жырын айтып, оның жабдықтарымен таныстырды. Сосын ұршық иіріп, нан иледі, ән салып, ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Отбасыларымен қосыла ән шырқады, қазылар алқасының ұлттық салт-дәстүрге байланысты сан түрлі сауалдарына жауап берді. Қорытындысында бірінші орынды аудан орталығындағы Абай атындағы орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мұғалімі Жанар Дүбербаева жеңіп алды. Аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған келіндер сайысы аса тартымды өтіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Келіндер сайысы көрермендерге өте-мөте ұнады. Аудандық ішкі саясат бөлімі енді бұл шараның өрісін кеңейте түсуді көздеп отыр.

Берікхан Тайжігітов
Үржар ауданы

Осы айдарда

Back to top button