Қоғам

Кеден заңнамасын бұзушылық анықталды

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кедендік әкімшілендіру бағыты бойынша 2022 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері туралы бойынша облыс бойынша мемлекеттік кіріс департаменті, тарифтік реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Мадина Бердібекқызы баяндады.

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кедендік төлемдер мен салықтардың түсімі бойынша болжамдық тапсырмаларды 109,9% орындап, жақсы көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Биылғы қаңтар айынан бастап маусым айына дейін тауарларға 9 531 декларация рәсімделді, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55,2% көп екені брифинг барысында айтылды.

Сонымен қатар, кедендік рәсімдерге орналастыру, кедендік рәсімдерді қолдану тәртібін орындау  шарттарын әкімшілендіру барысында уақытша әкелу мерзімдерінің бұзылу деректері де анықталыпты. Тауарлар декларациясының 31-бағанын толтырудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру барысында жылдың басынан бастап 65 бұзушылық  анықталды (Семей-22, Майқапшағай-11, Бақты-32) олардың ішінде қазіргі уақытта 26 бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілді, 1 263 487, 5 теңге сомасында айппұл өндірілді және бір дерек бойынша ҚР ӘҚБКо 535-бабы 1-тармағы бойынша «ескерту» жасалды. 38 дерек бойынша тексеру іс-шаралары жүргізілуде және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша мәселе қарастырылып жатыр, деді Мадина Бердібекқызы. Кеден бекеттерінде 2022 жылдың 1 жартыжылдығында 734 кедендік тексерулер жүргізіліп, 380 кеден заңнамасын бұзушылық анықталып, 118 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде тауарлар декларациясы бойынша 701 кедендік тексерулер жүргізілді, кеден заңнамасының 369 бұзушылығы анықталды, 108 әкімшілік іс қозғалды.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Осы айдарда

Back to top button