Қоғам

Қажетті дизель отыны бөлінді

Энергетика министрлігі жиын-терінді сәтті өткізу мақсатында Шығыс Қазақстанның шаруашылықтарына Павлодар МӨЗ-нан 17,8 мың тонна дизель отынын бөлді. Жанар-жағармай зауыттан тоннасын 222 мың теңгеден жіберіледі.

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, 613 мың шартты мал басын азықпен және қыстамамен қамтамасыз ету үшін 830,4 мың тонна шөп дайындау талап етіледі. Сондай-ақ, 72,2 мың тонна пішендеме, 189,7 мың тонна сүрлем, 138,9 мың тонна құнарлыжемжәне 80,7 мың тонна сабан бар. 2022 жылғы 18 тамыздағы деректер бойынша облыс бойынша 90% шөп, 74% пішендеме, 9% сүрлемжәне 42% құнарлыжемдайындалды.

Сонымен қатар басқарманың дерегіне сәйкес, ағымдағы жылы жалпы егін жинау алаңы 639,6 мың гектарды құрайды, оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар-284,7 мың га, майлы дақылдар -209,4 мың га, оның ішінде күнбағыс-189,6 мың га, қарақұмық-13,9 мың га, картоп-11,7 мың га, көкөністер, бақша дақылдары-5,6 мың га, жемшөп дақылдары – 128,3 мың га.

Облыс шаруашылықтарында жинау техникасы мен материалдық ресурстардың қажетті саны бар. Жалпы, қажетті материалдық-техникалық құралдар мен ауыл шаруашылығы техникасының болуы өңірдің агроқұрылымдарына өнімді оңтайлы мерзімде жинауға мүмкіндік беруде.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Осы айдарда

Back to top button