ЖаңалықтарРеспублика

Қазақстанның бес өзенінде ғана сапалы су бар

Елдегі 24 өзен мен 4 су қоймасы пайдалануға жарамсыз екен.

Қазақстанның 24 өзені мен 4 су қоймасы ластанған. Ел аумағындағы тек бес өзенде ғана ғана сапалы су бар.

Бұл туралы Экология министрлігі әзірлеген су шаруашылығы жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасында айтылған, деп хабарлайды Didar ақпарат Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл жоба алдағы жылдары су шаруашылығы жүйесін дамытуға арналған. Құжатта Қазақстанның 28 су объектісін қандай да бір жолмен пайдалануға болмайды делінген.

Өзендер мен су қоймалардың ластануы тау-кен, металлургия, химия өнеркәсібтері және ауыл шаруашылығы мен коммуналдық шаруашылықтың әсерінен болып жатқан көрінеді.

Осы айдарда

Back to top button