Жаңалықтар

Қазақстанның Бас прокуратурасы азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Бас прокуратура қазақстандықтарға жолдардағы қауіп туралы ескертті. 

Еліміздің бас қадағалау органы күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен және жол жағдайының нашарлауымен апат қаупі арта түсетінін атап өтті, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Көп жағдайда жол қозғалысы қауіпсіздігі қатысушылардың өздеріне байланысты болады, олар жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін белсенді шаралар қабылдау қажет. Күзгі-қысқы кезеңнің басталуы, сондай-ақ жол қолайсыздығы жағдайларының күшею салдарынан апаттар қауіпі артады, -дейді прокуратура.

Осы ретте, автокөліктің техникалық жай-күйін қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру, уақтылы қысқы шиналармен жабдықтану, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жолдарда өте мұқият болу, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне жүргізушілердің назарын аударамыз.

Сондай-ақ қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатыны туралы естеріңізге саламыз.

Техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделеді және бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статистикаға сүйенсек, елімізде ағымдағы жылдың 9 айында 9,8 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 14 мың адам зардап шекті.

1,6 мың адам қаза тапты, оның ішінде:

  • 210-ны кәмелетке толмаған балалар,
  • 488-і әйелдер,
  • 1192-і ер адамдар.

Сондай-ақ :

  • 660-сы жолаушылар,
  • 485-і жаяу жүргіншілер,
  • 447-і жүргізушілер.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button