ЖаңалықтарРеспублика

Қазақстанда жағажайда ішімдік ішуге тыйым салуды ұсынды

ҚР Премьер-Министрі  Әлихан Смайылов шомылу маусымында қауіпсіздік шаралары мен бақылауды күшейту қажеттігі жайлы айтты.

Үкімет басшысы жағажайда ішімдік ішуге тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Didar ақпарат Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Әкімшілік шаралар қолдану арқылы жағажайларда ішімдік ішуге жол бермей, тыйым салу керек. Ол үшін демалыс орындарындағы қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмыстарын күшейту қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп шағын көлемді кемелерді пайдалану барысын бақылау бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Су қайығын қолдануда техникалық ақаудың кесірінен арты қайғымен аяқталған жағдайлар бар, – деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-Министр шомылу маусымында жағажайдағы қауіпсіздік мәселесін мұқият бақылау қажеттігін еске салды.

– Төтенше жағдайлар министрлігі шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын нақты үйлестіруді қамтамасыз етіп, қоғамдық құтқарушыларды тарту шараларын күшейтуі қажет. Өңір әкімдіктері шомылу маусымына арналған іс-шаралар жоспарларының сапалы орындалуын назарда ұстауы тиіс. Осы мәселелерді үйлестіру Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктеледі, – дейді ол.

Осы айдарда

Back to top button