Жаңалықтар

Қазақстанда өзге елден бидай әкелуге тыйым салынды

Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі бұйрығымен Қазақстан аумағына автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салынды.

Бұл дәнді дақыл импортын 6 айға тоқтатады, деп хабарлайды Didar ақпарат zakon.kz –ке сілтеме жасап.

  • Үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстан аумағына автомобиль көлігімен (2023 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі);
  • Лицензиясы бар элеваторларға, астық өңдеуші кәсіпорындарға және құс шаруашылығы кәсіпорындарына темір жол көлігімен бидай импортын қоспағанда, Қазақстан аумағына үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен темір жол көлігімен әкелуге тыйым салынады.

Бұйрық 2023 жылғы 11 қазанда қолданысқа енгізілетін көрсетілген тармақты қоспағанда, 2023 жылғы 26 қыркүйекте қолданысқа енгізіледі.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button