Заң талабы
Қазақстанда букмекерлік кеңселердің саны азайған
2021 жылдың басында елімізде 38 букмекерлік кеңсе болса, бүгінде олардың саны 16-ға қысқарған. Ал нақты 12 кеңсе жұмыс істеп тұр.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Осы жылдың басынан сот шешімімен тағы 5 букмекерлік кеңсе жабылған. Олардың жұмысы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келмеген. Қазір тағы 3 букмекерлік кеңсеге қатысты лицензиялардың күшін жою жұмысы жүріп жатыр.
Министрліктің мәліметінше, ведомство түсіндіру арқылы және сот тәртібімен букмекерлік кеңселердің санын азайту бойынша жұмыс жүргізеді. Мысалы, кейінгі 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.
Ынтымақ Толқын