Жаңалықтар

Қазақстанда аптап ыстық қашан басылады?

Елімізде бір апта болды күн қатты ысып кетті. Аптап ыстық әлі де сақтала ма, әлде жақын арада қайта ма? Синоптиктер болжам жасады.

Қазгидромет мамандарының болжамы бойынша, алдағы үш күнде ауа райында өзгеріс болады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Алдағы күндері республика аумағында аптап ыстық біртіндеп төмендейді екен.

8-9 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +41°С-қа дейін сақталады, ал  солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста сынап бағаны +20+28°С градусты көрсетеді.

9 маусымда солтүстікте, республиканың орталығында қатты жаңбыр және бұршақ жауып, шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Осы айдарда

Back to top button