Жаңалықтар

Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн суытады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанда 20-22 маусым аралығында жауын-шашын болып, күн біраз суытады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Мамандардың болжамына сүйенсек, алдағы үш күнде терең циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер республиканың басым бөлігіндегі ауа райын белгілейді.

Солтүстік және шығыста күн күркірейді, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ аралас қатты жаңбыр жауып, дауыл соғады. Ел аумағында жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Түнгі уақытта ауа температурасы төмендеуі мүмкін: солтүстікте – 5-13 градусқа, шығыста – 7-15 градусқа дейін.

 

Осы айдарда

Back to top button