Қазақстанда 5,3 мыңнан астам азаматқа бизнес гранттары берілді
2023 жылдың басынан 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 5 316 грант берілді. Ал ағымдағы жылы барлығы 9 000 грант беру жоспарлануда.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлңмдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Министрліктің мәліметінше бірінші және екінші лек бойынша гранттар алуға өтінімдер осы жылғы наурыз және мамыр айларында бекітілген кестеге сәйкес қабылданған. Осылайша, өткен екі лек шеңберінде үміткерлерден барлығы 51,2 мың, оның ішінде көпбалалы отбасылардан – 30,1 мың, мүгедектігі бар адамдардан – 8,7 мың, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын адамдардан – 6,1 мың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан – 2,7 мың өтініш қабылданды. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған 2,01 мың адам, 160 қандас және 506 қоныс аударушы өтініш берді.
Айта кетелік, мемлекеттік грант нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылатын қайтарымсыз берілетін бастапқы капитал. Грант мөлшері 400 АЕК-ке дейін (1 380 000 теңге). Әрбір қатысушы оны тек бір рет қана ала алады.
Ынтымақ Толқын