Нашақорлыққа жол жоқ

Қазақстанда 1 тоннадай есірткі тәркіленді

Елімізде жүргізілген «Қарасора» арнайы операциясы барысында бір айда 1 тоннадан астам есірткі тәркіленген.

ІІМ баспасөз қызметі есірткінің қандай түрлері тәркіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

-Операция барысында құзырлы орган қызметкерлері 233 қылмысты анықтаған. Оның 87-сі есірткіні өткізу, 33 аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, 86-сы құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру фактісі тіркеліп, 4 есірткі сертханасы анықталған, -деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Айта кетелік, шара барысында заңсыз айналымда болған 642 кг марихуана, 29 кг гашиш, 4кг синтетика және 1 кг героин тәркіленген.

Ынтымақ Толқын

Back to top button