Автонарық

Қазақ және Cobalt

Бәрекелді, қайда барсақ та, қайда қарасақ та көретініміз су жаңа Cobalt болды. Бүгінде елімізде бестселлерге айналған Chevrolet Cobalt автокөлігін Қостанай қаласындағы “СарыарқаАвтоПром” зауыты құрастырып жатыр. Былтыр онда  30 мыңнан астам Chevrolet маркасы сатылған. Оның 90 пайызы Cobalt. Бұл абсолютты рекорд.

Қазақстанда Шевроледен кейін Хьюндай, КИА, Черри маркалары көп сатылып келеді. 2022 жылдан бастап  Тойота қазақтың «дәстүрлі көлігі» статусынан айрылды. Сондықтан қазақ және автокөлік дегенде бұрынғыдай Камри емес, Кобальт көбірек айтылып жатыр. Chevrolet Cobaltты сатып алып жатқандар жаңа көліктердің көңілден шыққанын айтып жүр.

Жалпы, 2022 жылы елімізде 110 мыңнан астам  жаңа автокөлік сатылған. Оның ішінде отандық маркалар (Шевроле, КИА, Хьюндай, Jac) және Қытайдан тасылатын Cherry, Haval сынды көліктер өз позициясын күшейткен. Сатылымда жапондық маркалардың әлсірегенін (Тойота, Лексус, Субару, Хонда, Мазда), ал немістердің көліктері (Мерседес, БМВ, Ауди) біздің нарықтан біртіндеп алыстай бастағанын көріп отырмыз.

Иә, еуроминимализм бізге де келді дейді сарапшылар. Халық  кішкентай, жанармайды аз жейтін көліктерді көп алатын болды.

 Жамал ЕРМЕН

Back to top button