Жаңалықтар

“Қайратты жастар” байқауы өтті

Еліміздің ұлттық мерекесі Республика күні қарсаңында Өскемендегі О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Қайратты жастар-2023” байқауы өтті.

Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шараға өңір кәсіпорындарының 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастары қатысты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Тартысты өткен байқауда “Үздік спорттық команда» номинациясын Өскемен жылу электр орталығының командасы жеңіп алды. Өскемен титан-магний комбинатының жастары «Үздік черлидерлер командасы» деп танылды. «Үздік кәсіби бағдар беретін бейнеролик»

Үлбі металлургиялық зауыты жастарының жұмысы болды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

-Біз еңбек адамдарына ерекше көңіл бөліп, оларды бағалай білуіміз керек. Өйткені ел экономикамасын көтеретін осы еңбек адамдары, – деді Ербол Нұрғалиев. – Мұндай шараларға ауыл жастарын да тартқан жөн. Еңбек адамдары, әсіресе, әр салада еңбек етіп жүрген жұмысшы жастарымыз әрқашан құрметке лайық. Республика күні құтты болсын! Ортақ үйіміз – Қазақстанда береке мен бірлік болып, еліміз гүлдене берсін!

Айжанат Бақытқызы

Осы айдарда

Back to top button