Жаңалықтар

Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керек

Облыста ҚР Қарулы Күштерінде және жалпы өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар туралы дөңгелек үстел өтті.

“Шығыс” өңірлік қолбасшылығы әскерлері Қолбасшысының төрағалығымен өткен жиында өңірдегі жемқорлықпен күрес жолдары талқыланды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

 Дөңгелек үстел шеңберінде азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін мерзімді қызметке шақыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды шешу әдістері талданды.

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2022-2026 жылдарға арналған мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру барысында  Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жариялағаны баршаңызға мәлім. Әскери қызметке шақырту кезіндегі шақыруды кейінге қалдыру және шақырудан босату сынды сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау маңызды. Оның үстіне 2020 жылдың қарашасынан бастап олар мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген және электрондық үкімет порталы арқылы беріледі. Соған қарамастан біз сыбайлас жемқорлықы азайту және жою мақсатында бірлесе отырып қызмет етуіміз керек, – деді ШҚО Қорғаныс істері департаментінің бастығы подполковник Арман Қожамқұлов.

Жиын соңында дөңгелек үстелдің қатысушылары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде еліміздің егемендігін қорғаудың аса маңызды бағыты ретінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша бірлескен алдын алу іс-шараларын өткізу туралы шешім қабылдады.

 Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button