Жаңалықтар

Қаңғыбас иттер қойға шапты

Шемонаиха ауданында қаңғыбас иттер қойға шапқан.

Аталмыш аудан тұрғыны ауласындағы малын иттердің қырып кеткені туралы полицияға хабар берген, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Полиция мәліметінше иттер ауладағы 9 қойға шапқан. Қазір ауданда тиісті шараларды қолдану үшін материалдар қаңғыбас иттерді аулауға жауапты ветеринарлық инспекцияға жіберілген.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button