«AMANAT»

Кәсіп бастауға ниетті

«Ауыл аманаты» жобасын түсіндіруге арналған республикалық ақпараттық марафон аясында мобильді топтар Тарбағатай ауданындағы Ақжар, Тұғыл ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Олар кәсіпкерлікке икемі бар, табысын арттыруға ниетті азаматтарға жобаның ерекшелігін түсіндірді.

– Жоба ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды, еңбек табысын арттыруды көздейді. Артықшылығы – 2,5 пайыздық несие беру, ауыл шаруашылығы техникасын, құрал-жабдығын лизингке беру, кооперативтерді инвестициялық субсидиялау. Сондай-ақ тұрғындар ауыл шаруашылығы мамандарынан кеңес алады. Біз үш аудандағы алты ауылдың халқымен кездесіп, жобаны талқыладық. Ауылдықтар табыстарын арттыруға ниетті, – дейді «Ауыл аманаты» жобасының өкілі Зайра Үсібәлиева.

Жоба аясында әр ауыл мен қаладағы өндірістің басым бағыттары айқындалып, географиялық ерекшелігі, еңбек, қаржы, басқа да ресурстары бойынша сандық деректер жиналуда. Бұл ақпарат жобалық кеңседе талданып, кейін ауылдарға тиісті әдістемелік көмек көрсетіледі.

– Табыс арттыруға арналған жоба – ауылдықтар үшін маңызды. Бірлесе жеңілдетілген несие алып, кәсіп бастап, оның жемісін көру – құптарлық іс. Жоба өкілдеріне өз жоспарларымызды жеткіздік, – дейді Ақжар ауылының тұрғыны Сержан Омарбеков.

Жоба өкілдері Зайсан, Күршім аудандарының тұрғындарымен де кездесті.

Ержан Әбіш

 

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button