Жаңалықтар

Көпбалалы отбасылар баспаналы болады

Қазіргі уақытта өңірде жеке инвесторлардың есебінен кейіннен сатып алу құқығымен жалпы ауданы 18,7 мың шаршы метр болатын 199 пәтерлік 110 үйдің құрылысы аяқталды.

Естеріңізде болса, облыста ағымдағы жылы көпбалалы жанұялар үшін жалпы ауданы 38,4 мың шаршы метр болатын, 404 пәтерлік 217 бір қабатты үйдің құрылысы басталған болатын. Бүгінде 110-ының құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін тағы 94 үй салынса, қалған 13-нің құрылысы 2021 жылы аяқталмақ.

– Басқа аудандар Аягөз ауданынан үлгі алуы қажет. Аудан әкімі қызметіне кірісе сала, ол дереу 50 үйдің құрылысын бастады. Бұған дейін ауданда мұндай жұмыс жүрген емес. Бұл өте қуантарлық жайт. Жалпы, көпбалалы отбасыларға арналған үйлер жарық әрі жайлы болуы керек. Жыл соңына дейін 174 пәтерлік 94 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар бірнеше әлеуметтік нысандар да биыл пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Аягөз бен Көкпектідегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, Мақаншы ауылындағы балабақшаның, Шар қаласындағы спорт кешенінің құрылысы аяқталды, жақында іске қосылады. Басқа нысандар құрылысы да мерзімінде аяқталуы тиіс, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Келер жылы көпбалалы және басқа да санаттағы азаматтар үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету көлемі үш есе ұлғаймақ. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес 110,6 мың шаршы метрді құрайтын, 1135 пәтерлік 665 бір қабатты үйдің құрылысы басталмақ. Жалпы, биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспарлы көрсеткіш 117% өсіммен 519,3 мың шаршы метрді құрайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі 

Осы айдарда

Back to top button