Жаңалықтар

Көлікті тіркеймін десеңіз

Облысымыздың қалалары мен аудандарында полицейлер тұрғындарға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден енгізілген көліктерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты кеңес беруде.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автокөлік мәселелері жөнінде қызмет көрсету орталықтарының мамандары алдағы бір ай бойы сенбі-жексенбі күндері тек шетел нөмірімен жүрген автокөліктердің мәселесімен айналыспақ. Мәселен, өткен демалыс күндері Өскемендегі дәл осындай орталықтың бірінде тұрғындарды әкімшілік полиция басқармасы, мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері қабылдап, көлікті уақытша және тұрақты тіркеуге қою шарттарын түсіндірді. Белгілі болғандай, екі күннің ішінде бұл қызметке 20-дан астам автокөлік иесі жүгінген-ді. Ал облыс бойынша кеңес алған азаматтар саны 50-ге жеткен.

Жоғарыда жазғанымыздай, облыстың аудандары мен қалаларындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары бір ай бойы жаңа тәртіп бойынша, демалыссыз жұмыс істемек. Аталған мәселе жөнінде кеңес беретін 11 орталықтың мекенжайы төменде:

  1. Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 249-үй;
  2. Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 203/3-үй;
  3. Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 102/2-үй;
  4. Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25-үй;
  5. Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98-үй;
  6. Зайсан қаласы, Б.Сатпаев көшесі, 27В;
  7. Алтай қаласы, Стахановская көшесі, 39-үй;
  8. Көкпекті ауылы, Абылайхан көшесі, 19-үй;
  9. Риддер қаласы, Семипалатинская көшесі, 12-үй;
  10. Үржар ауылы, Абылайхан көшесі, 45Б;
  11. Шемонайха қаласы, 3-ықшамаудан, 12-үй.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button