Жаңалықтар

Жол жөндеуге жұмсалған қаржы 40 миллиардтан асып жығылды

Өткен жылы өңірде жолдарды жөндеуге 40 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында тікелей эфир өткізген облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмәділов хабарлады.

Басқарма басшысының айтуынша, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 11,8 млрд. теңге бөлінсе, оның 7 млрд. теңгеден астамы 50/50 паритеттік қаржыландыру шеңберінде қарастырылған қаражат. Ал қалған сома жолдарды күтіп ұстауға, көше-жол желілерін жөндеуге, «Ауыл – ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары шеңберінде көшелерді жөндеуге бағытталған.

50/50 паритеттік қаржыландыру аясында жалпы пайдаланудағы 283 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылды. 45,2 шақырым көше жөнделді. Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз, Зайсан, Шемонаиха аудандарында 33 шақырым жол орташа жөнделіп, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Аягөз, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Күршім, Катонқарағай, Тарбағатай және Үржар аудандарының елді мекендерінде 90 шақырым жол желісі жөнделді, – дейді Нұржан Жұмәділов.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 247 шақырым жол мен көше жөнделіп, нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 85 пайызға дейін жеткізілді.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button