Өнер

«Жеңісті көктемнен» жеңіспен оралды

Алматы қаласындағы оқушылар сарайында Qazaq Art орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жеңісті көктем» атты жас орындаушылардың республикалық байқауында жерлесіміз Ақаев Мұхаммедриза бас жүлдені жеңіп алды.

Болашағынан үміт күттіріп отырған шебер күйші Мұхаммедриза – Таскескеннен. Біләл Ысқақов, Жарқын Шәкәрім сынды дәулескер күйшілер шыққан ауылдың өнерпазы М. Ақаевтың да болашағы жарқын болады деп ойлаймыз.

Жалпы, жас өреннің бұл өнер әлеміндегі алғашқы жеңісі емес. Ол осыған дейін де республикалық «Балдәурен» ән-би байқауында екінші орын алған болатын. Ақаев Мұхаммедриза бүгінде Қаныш Сәтбаев атындағы №56 гимназияның үздік оқушысы. Таскескендіктер оның болашақта дәулескер күйші боларына сенімді.

Берікхан Тайжігіт

Үржар ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button