Білім

Жатақхана әлі дайын емес

Amanat партиясы жанындағы Jastar ruhy жастар қанатының мүшелері Өскемен жоғары политехникалық колледжінің жатақханасына мониторинг жүргізді.

Шара мақсаты – студенттер үйінің жай-күйімен танысып, олардың қандай жағдайда тұрып жатқанын көру.

Үш қабатты жатақхана 240 орынға шақталған. Тұру ақысы– айына 5-10 мың теңге. Жетім және көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге орын тегін беріледі. Қауіпсіздік үшін бейнебақылау камералары жұмыс істеуде.

Жатақханада жөндеу әлі жүріп жатыр. Бірақ санитарлық нормаларға мүлде сәйкес келмейді. Дәретхана, жуынатын бөлмелер көп уақыт жөндеу көрмеген. Кей жиһаздар ескірген, сынған.

Тексеріс колледждің оқу жылына дайын еместігін көрсетті. Бірақ мекеме басшылығы жөндеу жұмыстарының 1 қыркүйекке дейін аяқталатынын айтып отыр.

Ержан Әбіш

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button