Білім

Жаңарған жатақханада тұрады

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері биыл жарқыраған оқу корпустарында білім алып, күрделі жөндеуден өткен жатақханаларда тұрады.  Биыл ғимараттардың  ішкі және сыртқы жағына аса ауқымды жөндеу жүргізіліп, жаңартылды.

Жатақханалардың шойын радиаторлары алюминий радиаторларға ауыстырылып, жуыну бөлмелері, жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткен. Сондай-ақ №3 студенттер үйінің жертөлесінде фитнес орталық ашылып, шатыр қайта қалыпқа келтіріліпті. Корпустар мен жатақханалар пандустармен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Сондай-ақ төсек-орын жабдықтары сатып алынған. Енді екі қабатты керуеттер сатып алынбақ. №4 және 5-ші студенттер үйінің қасбеті сырланып, жаңа терезелер қойылған. Бірінші қабаттағы кіреберіс те күрделі жөндеуден өтіп, ауыстырылыпты. Сонымен қатар жатақханалардағы дәретханалар мен баспалдақтар да толығымен жөнделіпті.

Мысалы, барлық жатақханадағы терезелер 1974 жылдан бері ауыстырылмағандықтан, тот басып, жарамсыз жағдайға жетіпті. Осы олқылықтың орны толды. Бұл, ең алдымен, жастар үшін жаңа білімді бағындыруға зор мотивация екені сөзсіз.

Мейрам Екпін

 

Осы айдарда

Back to top button