Нарық

Жанармай жеткілікті

Шілде-тамыз айларында, жиын-терін науқанының күйіп тұрған шағында ауданда бензин тапшылығы туындап, мұның өзі халыққа әжептәуір  қолайсыздық алып келген болатын.

Бүгінде көліктің көптігі сондай, көшелерде жаяу жүрудің өзі қиынға түсе бастағаны рас. Ал олардың барлығына бірдей жанармай қажет екендігі түсінікті.

– Бізді жанармаймен қамтитын Павлодардағы мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты осы қиындық туындаған болатын, – деп түсіндірді Күршім ауданының әкімі Д.Қажанов. – Бірақ біз қол қусырып отырған жоқпыз. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркесіп басқармасының қолдауымен, аудан әкімдігінің жұмысты басқа бағытта ұйымдастырып, басқа операторлар іздестіруінің нәтижесінде жанармайдың ауданға тұрақты түрде жеткізіліп тұруы қамтамасыз етілді. Қазір бензин жеткілікті және аталған мәселе бұдан былай үнемі жіті бақылауда болады.

Хасен Зәкәрия

                                                                     Күршім ауданы

 

Осы айдарда

Back to top button