Қоғам

Ірі кәсіпорындар саны көбейіп келеді

Ержан Әбіш

Өңірімізде Индустрияландыру картасы табысты орындалуда, алдағы үш жылда 6,4 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 22 жоба іске асады. Бұл жөнінде аймақ басшысы Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында айтылды. Жиында өндіріс, ауыл шаруашылығы және білім салаларындағы мәселелер талқыланды.

– Былтыр бірнеше ірі кәсіпорын пайдалануға берілді, олар: «Үлбі ТВС» ЖШС, бөтелкеге құйылған минералды су шығару зауыты және кен орнын игерумен айналысатын «ГРК МЛД» ЖШС. Өткен мамыр айында «Алтын Шығыс» май зауыты іске қосылды, жыл соңына дейін жеке кәсіпкер Смақовтың арнайы техниканы жөндеумен айналысатын кәсіпорны ашылады, – деді Даниал Ахметов.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы өз есебінде мал басының көбейгенін, бірақ бордақылау алаңдары бойынша мәселе барын алға тартты. Қазір олардың саны – 34. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша олардың маңайында жеткілікті жемшөп базасының бар-жоғы және субсидиялардың тиімді игерілуі анықталуы қажет.

«Білімді маман» бағдарламасы аясында «университет, колледж – кәсіпорын» желісі жұмыс істеуде, мамандар еңбек нарығының қажеттілігі ескеріле отырып даярлануда.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай гранттар саны көбейіп келеді және оларды бөлу жөніндегі комиссияның қызметі баршаға ашық. Биыл педагогика, экономика, ветеринария, медицина, ақпараттық технология мамандықтарына 450 білім гранты бөлінді. Оның 243-ін көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлер иеленді, – деді аймақ басшысы.

Осы айдарда

Back to top button