Спорт

Индонезиядан алтынмен оралды

Айжанат БАҚЫТҚЫЗЫ

Риддердегі №1 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Иван Гребенщиков Индонезияның Бандунг шаһарында өткен дүниежүзілік «WISPO-2022» инновациялық ғылыми жобалар олимпиадасынан алтын медальмен оралды.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жоба жетекшісі – аталған мектеп-лицейдің мұғалімі Юрий Котвицкий. Олимпиаданы Индонезияның Білім министрлігі және Батыс Ява департаментінің қолдауымен сол елдегі жас ғалымдар қауымдастығы ұйымдастырған.

Білім сайысы екі кезеңнен тұрды, бірінші кезеңде 22 елден 146 жоба таңдап алынса, финалдық іріктеуге тоғыз елден 40 үздік жоба ғана жіберілген.

Олимпиада қорытындысы бойынша Иван Гребенщиков «Робот- дезинфектор» жобасымен алтын медаль иегері атанып, 2023 жылы зерттеуге арналған грантқа ие болды.

Айта кетсек, Иван 2-7-сынып оқушыларының 2022 жылғы «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған.

Осы айдарда

Back to top button