Мәдениет
Халық әртісі ауылда ән шырқады
Аудандық Мәдениет үйінде Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжановтың «Ұлылыққа – тағзым» атты ән кеші өтті.
Абай елінде бұған дейін бірнеше рет болған әйгілі әншіні Қарауыл халқы зор құрметпен қарсы алып, шырқаған әрбір әніне қошемет көрсетіп отырды. Жиналған қауымға Алматыдан келген құрамында бес өнерпазы бар камерлық квинтеттің орындауындағы қазақ, орыс, батыс туындылары ерекше әсер етті. Әнші ағамыз өзінің репертуарындағы тыңдарман жүрегіне жол тапқан «Саржайлау», «Теріскей», «Өз елім», «Алатау» әндерімен қатар, сазгер Ә.Бейсеуовтің «Семейім менің, Семейім», «Абайдың елі», семейлік сазгер А.Бейсенбековтің «Ғашықтар серенадасы» әндерін асқан шеберлікпен орындады.
Шығыс ақпарат