Сұраңыз

«Халифа Алтай мешіті» деп қашан жазылады?

«Халифа Алтай мешіті» деп қашан жазылады?

– Мен осы өңірдің, Шығыс Қазақстанның тумасымын. Бірақ 2015 жылға дейін Павлодар облысында тұрып келдім. Сұрайын дегенім, осыдан біраз уақыт бұрын облыстық мешітке белгілі дінтанушы, Құран Кәрімді қазақ тіліне аударғандардың бірі – Халифа Алтайдың есімі берілген еді. Өз басым жұма сайын мешітке барып тұруға тырысамын. Сонда байқағаным, мешіттің кіреберісінде оның кімнің атымен аталатынын әйгілейтін ешқандай жазу жоқ. Мәселен, Павлодар қаласындағы мешіттің қабырғасында үлкен әріптермен «Мәшћүр Жүсіп мешіті» деп жазылған. Ал Өскемендегі орталық мешітте «Халифа Алтай мешіті» деген жазуды қашан көреміз?

Айбек Елібаев
Өскемен.

Сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай жауап береді:
– ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің 2016 жылғы жоспарына Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ғұлама ғалым, дінтанушы Халифа Алтайдың мұраларын зерделеп, насихаттауға арналған халықаралық ғылыми конференция және тағы басқа шаралар ұйымдастыруды енгізгенін, аталмыш жоспар кестесі тиісті орындарға жолданғанын хабарлайды.
Осы шаралардың ішінде облыстық мешіттің қабырғасына «Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай мешіті» деп жазылған тақта орнату жоспары да бар. Жалпы, бұл шара жоспарымызда бұрыннан бар болатын.

Әзірлеген – Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button