Мәдениет

Үгіт пойызы келді

Еліміздің Қарулы Күштерінің құрылуына 20 жыл толуына орай Елбасы – ҚР Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бастамасымен үгіт-насихат пойызы облыстарға жол тартқан еді.

Үгіт пойызы келдіАстанадан басталған бұл сапар Алматы, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Семей, Өскемен қалаларымен жалғасып Аягөз гарнизонына да жетті. Үгіт-насихат пойызын полковник Амангелді Ибраев бастап келді.

Полковник А.Ибраев Аягөз гарни-зонының жауынгерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтай отырып, аудан басшысы мен жұртшылығына жылы қарсы алғандықтары үшін ризашылығын білдірді.

Үгіт-насихат пойызының өкілдері «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет сарайында қала тұрғындары мен Ұлы Отан соғысының, Ауған соғы-сының ардагерлерімен кездесіп, жасөспірімдермен «Ерлік сабақтарын» өткізді. Сондай-ақ, №10810 әскери бөлімінің Мәдениет сарайында әскери қызметкерлер мен олардың отбасына арналған концерт өткізіліп, спорттық ойындардан жарыстар ұйым-дастырылды.

Аягөз ауданы

Осы айдарда

Back to top button