Мемлекеттік қолдау

ГРАНТ АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Ақпанның 20-сынан бастап Business.enbek.kz порталында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау басталды.

Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында бірінші лекпен 2577 адамға грант беру жоспарланып отыр. Мемлекеттік грант азаматтарға жаңа кәсіп ашуға, айналысып отырған кәсібін дамытуға өтеусіз беріледі.

Өтінімдер Business.enbek.kz порталында қабылданады. Гранттың көлемі – 400 АЕК (1 млн. 380 мың теңге). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін порталда тіркелу; грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту; бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу; өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Үйде интернет байланысы  болмаған жағдайда, аудан орталықтарындағы, қалалардағы халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады. Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткерлер:

орталыққа тіркелген жұмыссыздар; жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін); мүгедектігі бар адамдар; қолданыстағы “қандас” мәртебесі бар адамдар; өңіраралық қоныс аударушылар

аз қамтылған отбасы мүшелері; көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы); мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы); асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуға тиіс.

Жамал ЕРМЕН

 

Осы айдарда

Back to top button