Жаңалықтар

Глубокое ауданының 54 жастағы тұрғыны тіркелмеген қару сақтаған

Глубокое ауданының тұрғынынан тіркелмеген қару тәркіленді.

ШҚО Полиция департаментінің дерегіне сүйенсек Глубокое ауданының 54 жастағы тұрғыны тіркелмеген қару сақтаған. Тінту кезінде “ТОЗ-8” ойық шолақ мылтықты және “ИЖ-38″модельді пневматикалық мылтықты тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі «атыс қаруын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қаруды табу жағдайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

– Полиция департаменті ҚРҚылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын ескертеді, – деп хабарлайды ШҚО Полиция департаменті.

Осы айдарда

Back to top button