Қоғам

Газетке бір жылға жазылғандар жүлдеге ие болды

Газетке бір жылға жазылғандар жүлдеге ие болды

Оқырмандарымыздың естерінде болса, осыдан біраз уақыт бұрын «Шығыс-Ақпарат» ЖШС облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінің жеке жазылушылары арасында байқау жариялаған болатын. Жаңа жыл қарсаңында байқау қорытындысы шығарылып, тарих қойнауына еніп бара жатқан жылдың 3-25 желтоқсаны аралығында бір жылға бір-ақ жазылған оқырмандардың арасында ұтыс ойналып, жолы болған жазылушылар ақшалай сыйлықтарға ие болды.

«Дидар» және «Рудный Алтай» газеттеріне бір жылға жазылған оқырмандардың арасында өткізілген ұтыс ойынына «Шығыс-Ақпарат» ЖШС директоры Нұржан Қуантайұлы, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Жанар Қайсенова және қос газеттің оқырмандары мен журналистері қатысты. Нұржан Қуантайұлы өз сөзінде оқырмандарды ынталандыру мақсатында аталған шараның жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқанын атап айтты. Бір атап айтарлығы, жүлде қоры 180 мың теңгені құраған ұтыс ойыны жариялы түрде көпшілік қауымның көз алдында өтті. «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттеріне бір жылға жазылып, ұтысқа қатысып, бақтарын сынаған оқырмандар 15 мың, 10 мың, 5 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтарға ие болды. Иә, сонымен «Дидар» газетіне бір жылға жазылған Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылының тұрғыны С.Жекенов пен өскемендік З.Көшерова 15 мың теңгені қанжығасына байласа, Жарма ауданы, Қалбатау ауылындағы оқырманымыз Ж.Рахметова, өскемендік Г.Карменова және күршімдік К. Мұқанова он мың теңгеге, ал аягөздік Сабырбек Өтепов, күршімдік К.Қалиев, өскемендік Ү.Нұрғалиев пен О.Жұмағұлов, күршімдік Е.Тоқаев пен Шығыс кентінің тұрғыны Т.Малымханова 5 мың теңгеге ие болды. Шара соңында сөз алған Жанар Қайсенова облысымызда оқырмандарды газет-журналға ынталандыратын жақсы дәстүрдің сақталып отырғанын, мұндай шаралардың өте қажет екенін айта келіп, шараны ұйымдастырған «Шығыс-Ақпарат» ЖШС мен оқырмандарға алғысын жеткізді.

Мейрамтай Иманғали

Осы айдарда

Back to top button