Білім

Франциядан 35 дипломмен оралды

Өскемендік оқушылар мектеп оқушыларының шығармашылығы бойынша Францияда өткен байқаудан жүлделі оралды.

Франциядан 35 дипломмен оралдыОлар вундеркиндтер арасындағы өте беделді еуропалық интеллектуалды байқауда өздерінің жеке ғылыми жобаларын қорғап, математикалық олимпиадада нағыз дарын екендіктерін көрсете білді. Өскемендіктер сайыс қорытындысында бірнеше талап бағдарында жүлделі орындар мен 35 дипломға ие болды. Ең тамашасы, оқушылар Франция мен Андоррадағы және Испаниядағы өз құрбыластарына біздің еліміз туралы дәйекті деректер айтты.

– Бұл байқау алдымен оқушылардың логикалық танымдарын жетілдіргенін байқадық. Өйткені, біз қайда жүрсек те, өз жобаларымыз арқылы сүйікті Қазақстанымыздың кереметтерін айтып жүрдік, – дейді Өскемендегі №44 мектеп-лицейдің мұғалімі Нұржамал Садықова.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button