«AMANAT»

Филиалдың атқарушы хатшысы тағайындалды

Amanat партиясы облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының мақұлдауымен Сайрангүл Жұмаділова филиалдың атқарушы хатшысы болып тағайындалды.

– Бұған дейін Сайрангүл Ахметкәрімқызы білім басқармасының басшысы қызметін атқарған, әлеуметтік және саяси жұмыстармен жақсы таныс. Партия мүшелерінің және халықтың құрметіне ие. Алдағы уақытта оның алдына қойылған барлық міндеттер орындалатынына сенімдімін, – деді атқарушы хатшыны таныстырған аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button