Жаңалықтар

Фермерлерге арзандатылған дизельді қаншадан сату керек?

Операторлар арзандатылған дизельді фермерлерге қаншадан сатуы керек?

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат Қазақпаратқа сілтеме жасап.

– Биыл Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктермен және «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп біркелкі жеткізу кестесін дайындады. Өткен жылы айына 20 мың тоннадан 152 мың тоннаға дейін ауытқыса, биыл айына 81 мың тоннадан 117 мың тоннаға дейін біркелкі жеткізілді. Осы біркелкі жеткізу кестесі жанармай құю станцияларына көбірек дизель отынын жіберуге мүмкіндік берді, – деді министр.

Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, дизель отынын жеткізетін операторлар 1 литр дизельді егіншілерге 204 теңгеден жеткізіп жатыр. Орташа баға осылай бекітілген.

– Бұл автожанармай құю станциясындағы бағадан 31 пайыз төмен, – деді энергетика министрі.

Осы айдарда

Back to top button