Оқиғалар

Фазиланың тіккен киімдері гиннестер рекордтар кітабына енген

Фазиланың тіккен киімдері гиннестер рекордтар кітабына енген

Зайсан ауданының Қуаныш ауылына келгенімізде Қытайдың Алтай аймағынан төркіндеп келіп жатқан Фазила Қабдрахманова деген шебер жайлы естідік. Мұның алдында ғаламтордан және «Таңшолпан» бағдарламасынан Фазиланың тіккен көйлектері Гиннестер рекордтар кітабына енгені жайлы хабарды көзіміз шалып қалған. Шебердің «Ең биік», «Ең үлкен батыр», Ең мейірбан ана», «Қазақтың аруы» атты биіктігі 4,5 метрлік, сан түске малынған әсем көйлектері әділ қазылар алқасын таңғалдырыпты. Енді, міне, Қуаныш ауылында Гиннестің рекордтар кітабына өнімдері енген қандасымызбен әңгімелесіп отырмыз.
— Қазақтың ұлттық нақыштағы киімдерін, кесте тігумен осыдан жарты ғасыр бұрын шұғылдана бастадым. Ол ана сүтімен келген. Анамыз да шебер. 25 жыл бұрын Алтай қаласында «Ақжол» атты ұлттық киімдер тігетін зауытты аштық. Онда негізінен қазақ қыздары еңбек етеді. Бізге Қытайдың барлық аймақтарынан тапсырыс жиі түседі. Шаңырақ көтеріп жатқан жастар үйлену тойына арналған киімге тапсырыс береді, оларды сапалы етіп орындаймыз. Сонымен бірге кестеден киім тігуді әдетке айналдырдық. 2013 жылы маған Шыңжанда «Қолөнер мамандығының шебері» деген атақ берілді,–дейді Фазила Қабдрахманова.
Фазила туыстарына түрлі түсті жастық, алаша бұйымдарын алып келіпті. Олар әсемдігімен көздің жауын алады. Шебердің арманы – атақоныстағы ағайындармен аралас-құралас болып, өз тәжірибесін үйрету. Егер жақсылыққа жаны құмар сіңлілерім мені іздесе, тауып алады,–дейді көрші елде тұрып жатқан қолы алтын, шебер қарындасымыз.

Оңдасын Елубай


Зайсан ауданы.

Осы айдарда

Back to top button