Білім

Еврейлерді таңғалдырған қазақ қызы

Ақжардағы гимназия-интернат атын иеленген марқұм Қыдырбек Біләлов кезінде ұлағатты ұстаз, білікті директор болған. Ол физика-математика пәндерінен сапалы білім берумен қатар қазақ, орыс, неміс тілдерінде еркін сөйлепті.

Еврейлерді таңғалдырған қазақ қызыОның Ғалия деген қызынан туған жиені Римма Ресейдің Еврей автономиялық облысының орталығы Биробиджан қаласындағы лицейде үздік оқыпты. 1995 жылы осы оқу орнын 10 еврей баласы күміс медальға бітіргенде, тек Римма ғана алтын медальға тәмамдапты.

«Небір дарындылар біздің ұлттан шығушы еді. Апыр-ай, білімділік жағынан еврей балаларынан асып кеткен бұл кім? Оның әке-шешесі қандай адамдар екен?» деп биробиджандықтар лек-легімен келіп, Римма мен оның ата-анасымен танысып, таң-тамаша қалыпты. Қазір Римма Алматыдағы «БТА» банкінде басшылық етеді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button