Экономика

Ет комбинаты салынып жатыр

Ет комбинаты салынып жатыр

Ауданда «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-нің тікелей қолдауымен мал соятын және оны өңдейтін шағын ет комбинаты салынып жатыр.
Қазір зауыттың темір конструкциясының қаңқалары тұрғызылып, құрылыс қарқын алып келеді. Жалпы құны 170 миллион теңге тұратын аталмыш жоба іске қосылғанда, қосымша бірнеше жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Айта кетерлігі, мұнда сапаға баса назар аударылып, зауыттың құрал-жабдықтары түгелдей Ресейден жеткізілуде. Негізінен мал өсірумен айналысатын бұл өңір үшін ежелден-ақ ет комбинатының маңызы зор болатын. Сол қажеттілік ескеріліп, осындай үлкен жоба қолға алынып отыр. Мұның өзі осы өңір мен Ақсуат, Үржар, Шұбартау, Таскескен, Мақаншы аумақтарын қамтитын үлкен кәсіпорын болады деген үміт бар. «Мал сою және ет өңдеу» деп аталатын жобаның болашағы зор.
Жер көлемі үлкен Аягөз ауданында мал басын одан әрі арттыра түсу үшін қолға алынған жоба жергілікті жұртшылықтың көңілінде серпіліс туғызып отыр.

Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button