Аймақтар аухалы

Ескерткіштер елі

Ескерткіштер елі
Абыздар елі, ғашықтар елі атанған өңірімізде мәдениет саласының ахуалы қай деңгейде? Жалпы, мұнда бір аудандық, екі ауылдық Мәдениет үйі, 20 ауылдық клуб, бір аудандық орталықтандырылған, 22 ауылдық кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жандос Аманов халық шығармашылығын дамыту, жұрт арасындағы таланттар мен көркемөнерпаздар арқылы мәдени жұмыстарды жандандыруда ауқымды істер атқарылғанын көлденең тартты. Алты ай ішінде мәдениет үйінің мұрындық болуымен 22 ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда 360-тан астам іс-шара өткен. Ауданда 22 монументальдық, 17 архитектуралық, 6 археологиялық, жиыны 45 ескерткіш бар.
-Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Киелі жерлер географиясын» қалыптастыру тапсырмасы бойынша өңіріміздегі тарихи маңызы бар орындар анықталып, жүйеге келтірілуде.
Көше атауларын өзгерту жөніндегі комиссияға жолданған құжаттарда «Полевая», «Нефтебаза», «Подстанция», «Сибирская», «3-километр» секілді көшелердің атауларын «Болашақ», «Бірлік», «Береке», «Бәйтерек», «Р. Қошқарбаев» деп өзгерту қарастырылған.

Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button