жауап береміз

Әскери білімді қайдан алуға болады?

  • 9-сынып бітірген балаға әскери білім алу мүмкіндігі еліміздің қандай оқу орнында жасалған?

 Ақмарал Зарханқызы

 Алтай ауданы.

 Сіздің сауалыңызға жауап Қорғаныс министрлігінің сайтында былай деп берілген:

– Негізгі орта білім (9-сынып) базасында әскери білімді Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін кәсіби сержанттарды даярлау жөніндегі техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасын іске асыратын Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде алуға болады.

Сондай-ақ Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында республикалық «Жас ұлан» мектептері бар, олар әскери оқу орындарына түсу үшін тереңдетілген әскери даярлығы бар жалпы орта білім берудің (10-11 сыныптар) оқу бағдарламасын іске асырады.

Толығырақ ақпаратты Қорғаныс министрлігінің сайтынан, «Әділет» интернет-ресурсынан алуға болады.

Осы айдарда

Back to top button