Ертіс қалай Ертіс аталған?
Ата-бабадан мұра болып қалар жер-су, тау-орман атауларының қасиетін ұғып, қадірін білу әр саналы адамның міндеті болса керек. Ал олардың ежелгі атауында қандай мән, қандай құпия жатыр? Осы ретте туған өлкеміздегі жер-су атауларының мағынасы мен мәнін тереңірек түсіндіру мақсатында «Жеріңнің аты – тарихтың хаты» атты жаңа айдар ашуды құп көріп отырмыз.
Он үшінші ғасырда Мұқылы Жалаири «Құнкы-Кетунарға» «Ертіс» деп ат қояды. Негізінен «Құнкы-Кетунар» моңғолша «Қоңыраулы су» деген мағынаны білдіреді.
Бір күні Мұқылы Жалаири Алтай мен Сауырдан өтейік десе, екеуінің ортасын Ертіс қақ жарып ағады екен. Мұқылы біраз уақыт қалың ойға батып: «Сонда мұны бұрын-соңды қалай ешкім аңғармаған?» деп таңырқайды. «Алтай мен Сауырдың қақ ортасынан «Қоңыраулы су» ердің тісіндей жарып тұр. Сондықтан «Ертіс» деп атағанымыз жөн болар» депті.
Асан қайғы Ертіске қарап тұрып: «Мына шіркіннің балалары тойдым деп қарап отырмас, қыздары тоңдым деп жылап отырмас, сиырдың мүйізі, өгіздің құлағы шығып тұрған су екен» десе керек.
филология ғылымдарының кандидаты