Ертегі кейіпкерлері саябақта жүр
Ертегі оқымайтын немесе сүйіп тыңдамайтын баланы көз алдыңызға елестетіп көрдіңіз бе? Иә… Елестету қиын, әрине. Ал, одан да қиыны мұндай баланы табу!
Облыстық балалар және жас-өспірімдер кітапханасы жылжымалы мәдени шаралар ұйымдастыру арқылы қала тұрғындарының мәдени демалыс-тарын үйлестіру мақсатында «Мәдени сенбілікке» шықты.
«Мәдени сенбілік» бағдарламасының аясында 21-сәуір күні қала тұрғындарының демалатын орны «Жастар» саябағында «Бим, Бом, Бамның жаңа оқиғалары» атты балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Балалар өздерінің жақсы көріп оқитын ертегі кейіпкерлерімен кездесті. Зайчик-Помогайчикпен «Төртінші – артық» ойыны ойналды, Курочка-Ряба қалай «ұшуға» болатындығын, дыбыстарды аулаудың құпиясын ашуға
және зеректікке үйретуге тырысты. Рыжая Плутовка түлкісі көңілді өлең жол-дарын шығаруға, ал Волчок-Серый бочок қасқыры әдемі сурет салуға
балаларды шақырды. Ертегі кейіпкерлерімен бірге шараға қатысушылар қызықты сиқырлы ертегілер әлеміне енді.