Оқиғалар

Еріген қар суы пойыздарды тоқтатты

Өңірге түскен қалың қар көліктерге де зардабын тигізе бастады. Наурыздың жетісі күні Жарма ауданына қарасты Жарма – Нарбота теміржол стансасында таудан ери аққан қар суы пойыздардың жолын бөгеді.

Еріген қар суы пойыздарды тоқтаттыҚарғын су теміржолдың үстін 25 метрдей ендікте басып салды. Соның салдарынан екі жүк және бір жолаушылар пойызы тоқтаған. Бірақ дереу қолға алынған жұмыстардың арқасында жағдай реттеліп, пойыздар сапарларын жалғастырып кетті.

Бүгінде суды сорып алу және шойын жолды биіктету бойынша жұмыстарға қырық адам жұмылдырылған.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button