Оқиғалар

Ерігемін деп, екі жылға сотталды

Ерігемін деп, екі жылға сотталдыӨткен оқу жылының соңында Зырян ауданында тарих пәнінен тест тапсыруға дайын болмағандықтан, ұялы телефон арқылы мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы төтенше жағдайлар қызметіне хабарлап, дүрліктірген 10-сынып оқушысы екі жылға бас бостандығынан айрылды.

Бұл оқиға ағымдағы мамыр айының 13-і күні болған. Сабаққа дайындалмай келген 17 жасар жеткіншек аудандық ТЖБ-ға қоңырау шалып, білім ошағында жарылғыш зат барын ескерткен. Содан кейін телефоннан SIM-картаны алып, ортасынан қақ бөліп, табалдырықтың қуысына тастай салған.

Дереу жеткен құтқарушылар, тәртіп сақшылары, «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағы және медициналық жедел-жәрдем қызметкерлері тиісті тексеруден соң ақпараттың жалғандығына көз жеткізеді. Алайда, көп өтпей полиция «телефон террористі» анықтап, үстінен қылмыстық іс қозғаған.

Жоғары сынып оқушысының кінәсін мойындауын және мұғалімдері мен ата-анасының берген жағымды мінездемесін, сондай-ақ, денсаулығында кінәрат барын ескере келе, сот оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button