Ереже бұзған 400-дей нысан анықталды
Облыста төтенше жағдай режимінен кейін жұмысын қайта бастаған нысандарда санитарлық қауіпсіздік стандарттарының бұзылуы анықталды.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, облыста тексеру жүргізетін 24 мобильді топ жұмыс істейді. Сарапшылар дүкен, шаштараз, дәріхана, тамақтану орындары секілді жалпы саны 147 нысанды аралап шығып, келушілердің жеке қорғаныс құралдары мен арақашықтық сақтау тәртібін және ғимаратта санитарлық тазартқыштардың бар-жоғын тексерді.
– Тексерілген 43 нысанда 63 ереже бұзушылық анықталған. Анықтап айтсақ, нысандарда санитарлық тазартқыштар, дезинфекциялық құралдар жетіспейді және келушілерден арақашықтық сақтау мен маска тағу талап етілмеген, – деді департамент мамандары.
Мөлдір Жарылғапова