Спорт

Ерекше спорт түріне дайындалып жатыр (видео)

(Шартты сурет)

Риддер мотошабандоздары мұз үстіндегі спидвей спортынан өтетін республика кубогіне дайындықты бастады. Оларға Сокол стадионында дайындалуға мүмкіндік берілген.

Айта кету керек, спидвей – жалпақ жұртшылыққа кең танылмаған спорт түрі. Мотошабандоздар мұз айдынның бетінде мотоциклмен жарысады.

Қала әкімі Дмитрий Горьковой тұтас мұз құйылған айнадай алаңның бетінде мотоциклдерін жантайта теуіп жүрген шабандоздардың видеосын жариялап, сәттілік тіледі.

Қала халқы да ерекше спортқа көңіл бөлініп жатқанына дән риза.

– Ғаламат! Спорттың бұл түрі біздің қаламызда жойылмай, керісінше жанданып келе жатқаны мені қатты қуантады. «Копилкамыз» алтын медальға тола берсін, жерлестер, – деп жазды спортсүйер тұрғын Андрей Пермитин.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button