ҚоғамТОП

Ерекеше балаларға ыңғайлы төсек-орын сатып әперді

Аягөз қаласындағы балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына еліміздің балалар омбудсмені Аружан Саинның  бастамасымен мүлде қимылдай алмайтын жарымжан балалар үшін көпфункционалды төсектер жеткізілді.

Арнайы кереуеттер осындай балаларға қызмет көрсетуге өте ыңғайлы және балғындардың өзіне де  қолайлы.

-Мұндай төсектерді орнату туралы шешім орталықта жүргізілген кешенді тексеруден кейін қолға алынды. Комиссияға Бала құқықтары жөніндегі уәкіл атынан аймақтың жетекші мамандары да кірген болатын.  Бұл -төсектердің алғашқы партиясы, қалғаны жолда келе жатыр. Барлығы 18 функционалды төсек және қосымша үш көтергіш құралы сатып алынды. Кереуеттерге Kusto компаниялар тобы бөлген демеушілік қаражат есебінен қол жеткізілді , – дейді облыстық Қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау жөніндегі сараптамалық жұмыс тобының жетекшісі Татьяна Чернышова.

Ол осындай арнайы әлеуметтік орталықтар мен интернаттар әр аймақта болғанымен, көбінесе олар демеушілер мен меценаттардың назарына ілікпейтінін қынжыла айтады.  Бұл жердегі балаларға қамқорлық пен ерекше күтім қажет. Мұндай медициналық және оңалту жабдықтары қызметкерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдете түсетіні сөзсіз. Қызметкерлердің жұмысы физикалық тұрғыдан да,  моральдық жағынан да өте қиын екені дау тудырмайды.

-Біз басқа бизнесмендер мен демеушілерді Kusto компаниялар тобының үлгісін ұстануға шақырамыз. Балаларға сіздердің қамқорлықтарыңыз өте қажет! Сондай-ақ біз Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинға балаларды қорғауға қосқан үлесі және қайырымдылық көмегі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз, – деп толықтырды қоғам белсендісі.

Айна Ескенқызы

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button