Қоғам

Ең қастерлі мамандық

Құрметті жерлестер!!!

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – ең қастерлі мамандық иелері ақ халатты жандардың ерен еңбегі бағаланатын күн.  Олар күн сайын мыңдаған адам өмірін құтқарып, тұтас ұлт салауатының кепілі болып отыр. Біздің өңірде де кәсіби медицина саласының білікті мамандары табандылықпен еңбек етуде. Өз тарапымыздан облыстық денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында бірқатар игі шараларды жүзеге асырудамыз – бірегей медициналық орталықтар мен бөлімшелер ашылып, заманауи жабдықтар мен қондырғылар орнатылып, жыл сайын дәрігерлер мен медбикелердің біліктілігін арттыруда жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мұның барлығы пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді. 2020-2021 жылдары медицина қызметкерлері коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте болып, өмірлерін қауіпке тігіп, адамдарға медициналық ғана емес, психологиялық көмек пен қолдау көрсете отырып, өздерінің жоғары кәсібилігін көрсетті.

Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүре беріңіздер.

Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен саулық тілеймін! Батылдық пен мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіремін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Даниал Ахметов,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Осы айдарда

Back to top button