Энергетика министрі Риддерге іссапармен барды
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Риддер қаласының бүгінгі жағдайымен танысып қайтты. Сапар барысында билік өкілі қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Күз жақындап, жылыту маусымы таяған сайын Риддердегі ЖЭО халықты алаңдатып отыр. Энергетика министрі елді елеңдеткен мәселені толықтай түсіну мақсатымен Риддер ЖЭО-дна барып, жөндеу жұмыстарымен егжей-тегжейлі танысты, деп хабарлайды Didar ақпарат.
-ЖЭО-ның жөндеу жұмыстарымен толықтай танысып шықтым. Барлық қазандықтарда қызу жұмыс жүріп жатыр. Дегенмен, мердігерлер жүмыс кестесінен сәл артта қалған. Оның себебі, жөндеу жұмыстарына керекті материалдардың дер кезінде жеткізілмеуі. Қаржыландырудың болмауы. Біз аталған мәселені шештік. Енді қаржы жағынан мәселе туындамайды. Қазір ЖЭО-дағы жұмыстык 20%-ы істелген. Алдағы жылыту маусымына дейін, яғни қыркүйектің ортасына қарай екі қазандық толықтай дайын болады. Тағы екеуінің жұмыстары қазан айында аяқталады деп жоспарланған. Ал қалғаны жыл соңына дейін жұмысқа кіріседі, -дейді – ҚР Энергктика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Қазір “Риддер ЖЭО” АҚ-да 8 мердігерлік компания жұмыс жүргізуде. Жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларға мемлекеттік сараптамалар алынып, жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы 8,3 млрд. теңгеге бағаланған.
Риддер ЖЭО-да жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін кесте бойынша аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар министр қала тұрғындарын жеке қабылдап, шағымдарын тыңдады.
Ынтымақ Толқын